Халқымызда жақсы сөз бар «Берсең- балаға бер» деген. Міне, осы бағытта Республика көлемінде жүргізіліп жатқан «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы да ұйымдастырып 2018 жылдың 24-тамызында Атырау облыстық кәсіподақтар орталығының үлкен мәжіліс залында өткізді.
Акцияның басты мақсаты- ата-анасының қамқорлығынан айырылған жетім балалар мен күн көрісі төмен, көпбалалы отбасынан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсету және оларды қолдау болып табылады. Облыстық филиалға қарасты 40-медициналық ұйымдардан 16-балаға жаңа үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету үшін шешім қабылданып көмек көрсетілді. Сонымен қатар, бұл күні акцияға қатынасқан балалар Республикаға және облысымызға танымалы «Ара-Атырау» әзіл- сықақ театры артистері де шақырылып, арнайы дайындалған «Ақылды бала» ертегісі қойылымын балалар тамашалады. Аталмыш шараға Атырау облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасы Ізтұрған Ұзақбайұлы Баймұханов қатысып балаларға деген жүрек жарды лебізін арнады. Әлеуметтік жағынан қорғалмаған балаларға,жасөспірімдерге қолдау көрсету жалғаса беретінін жеткізді.Сонымен қатар шараға басқа да салалық кәсіподақ ұйымдары басшылары, ата-аналар қатынасты.Шараны қорытындылаған «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы төрайымы М.Кашкенова бұндай қайырымдылық шаралары барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарында өткізу жоспарланғанын айта келіп,балаларды алдағы Жаңа оқу жылымен құттықтап, еліміздің болашағы үшін адал еңбек ететін саналы жастар болуын тіледі.
«Senim» Денсаулық сақтау жүйесі
жұмыскерлерінің салалық кәсіптік
одағы Республикалық қоғамдық бірлестігі
АОФ әдіскер маманы Капанова Ж.А.