Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

«Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Атырау облыстық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кездесуі

25 августа 2018

Ағымдағы жылдың 24 тамызы күні «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен жартыжылдық есеп беру жиналысын өткізді. Жиналысқа бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен төрайымдары қатысты. Жиналысты төраға орынбасары Б.Базарғалиева жартыжылдық есеп бойынша баяндамасымен бастап, кейіннен Атырау кәсіподақтар орталығының жаңа тағайындалған төрағасы Ізтұрған Ұзақбайұлы Баймұқанов  жиналысқа қатысушылар алдында сөз сөйлеп, кәсіподақ мүшелерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Төраға орынбасарлары Е.Ұзақбай және Б.Базарғалиева  Гендерлік саясат бойынша мағлұмат беріп, әйелдердің қоғамдағы рөлі, оның алдыңғы дамыған елдердің  қатарына қосылудағы  маңыздылығына көңіл бөлудің жөн екендігіне тоқтап кетті. Сонымен қатар еңбекті қорғау, Келісім комиссияларының қызметі туралы түсінік беріп өтті. Соның ішінде келісім комиссиясының қызметінің заңдылығы, оны құру тәртібі, арыз-өтініштерді қарау мерзімдері, оның мүшелері және т.б. мәселелерге ерекше көңіл аударылып, жиналысқа қатысушылардың қаперлеріне берілді.  Жиналыс соңынан Республикалық «Мектепке жол» акциясы бойынша бастауыш ұйымдарының аз қамтылған қызметкерлерінің балаларына қайырымдылық жасау мақсатында мектепке қажетті оқу құралдар мен сыйлықтар табысталды, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ұсыныс пікірлері тыңдалды және «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы төрағасы Абилов Шыңғыс Ғазизұлы  жиналысты аяқтау сөзін сөйлеп, қатысушыларға зор алғысын білдірді.

«Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Атырау облыстық филиалы

 


59 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК