Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

ШОС-тың ӨКІЛІ ШТАБТА БОЛДЫ

4 июня 2019

Елімізде өткелі тұрған 9 маусым күнгі сайлауға әлемнің саяси билік күштері де көз тігіп отырғаны жасырын емес. Сондықтан сол күнгі доданың сайлаушылар үшін әділ де ашық, таза болғанын қалайды. Міне, осы бағытта  Атырау облыстық Кәсіподақтар үйінде орналасқан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат А.С. Таспиховтың сайлауалды штабына осыған дейін ОБСЕ-нің өкілдері болған болса, бүгін, яғни 4 маусым күні Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШОС) байқаушылар миссиясының өкілі Хабив Мунир келді. Саяси байқаушының ынтасын танытқан кәсіподақтар атынан ұсынылған кандидаттың өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасы, сенімді өкілдердің үгіт-насихат науқанын ұйымдастыруы және т.б.  мәселелерге орнықты жауап алды.

Қылышбай ҚҰЛЖАНОВ


19 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК