Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

Қорытынды есеп берілді.

17 февраля 2020

2020 жылдың ақпанның 12-ші жұлдызында Senім» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының 2019 жылы атқарылған жұмыстарының қорытынды есебі бойынша Кеңес мүшелерінің  отырысы өткізілді.

          Отырыс барысында 2019 жылы кәсіподақ мүшелеріне, соның ішінде 5 (бес) жас маман дәрігерлерге тұрғын үй алуға алғашқы жарна төлеу  сертификаттары, 4 жас дәрігерге қайтарымсыз бір жолғы көтерме қаражат сертификаттары мөлшері 500 000 теңге және мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған, 5 орта буын қызметкерлеріне мөлшері 250 000 теңгелік қаырымдылық сертификаттары, Атырау медициналық жоғары колледжінің 6 - үздік студенттеріне мөлшері 20 000 теңгелік шәкіртақы, және 19-аз қамтылған отбасылары санатына жататын қызметкерлерге біржолғы азық-түлік себеттері, жалпы саны - 39 кәсіподақ мүшелеріне әлеуметтік көмек берілгендігі айтылды.

        Жастар жылына байланысты Батыс,Оңтүстік,Солтүстік өңірлерде форумдар өткізіліп, оған «SENIM» жастар кеңесінің мүшелері қатынасты, сонымен қатар Ақтөбе қаласында I Республикалық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының форумы өткізіліп, Атырау облысынан 16 бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағалары қатынасты.

        Сонымен қатар кәсіподақ мүшелерінің денсаулықтарын оңалту барысында Көктем,Жаңа-Қорған, Ақ-Жайық, Манкент, Щучинский, Сосновый Бор, Мерке шипажайларына 26 кәсіподақ мүшелері барып, денсаулықтарын нығайтып қайтты.      

      Атқарылған жұмыстармен қатар кәсіподақ мүшелері мемлекеттік және  төл мерекелерде ҚР кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақ ардагері» төс белгісі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасы», «Senім» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ-ның «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі, «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хаттарымен», облыстық филиалдың «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

     Филиалдың заңгері 2020 жылдың қаңтар айынан бастап медицина қызметкерлерінің жалақысы өсуіне байланысты, 2020-2022 жылдарға арналып жасалған ҚР ДСМ-нің, Ұлттық медицина палатасы мен «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы арасындағы келісім шартқа енгізілген өзгерістерді таныстыра отырып ,ендігі кезекте ұжымдық шартты қайта жасақтап өзгеріс енгізу керек екендігін толықтай  түсіндірді.                 

                Жиналыс соныңда 2019 жылы белсенді жұмыс жасап, қоғамдық жұмыстарға қатысып жүрген бір топ бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен қазынашыларын ұлғылау және ынталандыру мақсатында алғыс хатпен және қаржы сертификаттары табысталды.

        Сонымен қатар, кәсіподақ қозғалысына өз үлестерін қосып ұзақ жылдар бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағалары міндетін атқарған кәсіподақ ардагерлері Р.Құсайынова мен А.Мұқанбетқалиева шипажайға тегін жолдамаларға ие болды.         

        Марапатталушыларды құттықтаумен қатар, бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларын бұдан кейінде қиындығы мен қызығы мол салада, жұдырықтай жұмылып  бірлесе жұмыс жасауға және жетістіктерге жетуге шақыра отырып облыстық филиал төрағасы Майра Тұрланқызы жылы лебізін білдірді. 

 


75 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК