Ағымдағы жылдың 23 қазанында Махамбет аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің құрылғанына 50 жыл толуына орай салтанатты шара ұйымдастырылды. Шара барысында жарты ғасырлық тарихы бар мектептің басшылары, спорт саласының ардагерлері осы жылдар ішіндегі қол жеткізген жетістіктерінің қиын да қызықты сәттерін еске алды. Мектептің ірге тасын қалаушы басшылардың бірі Жылқыайдар Сұлтанов сөз алып, өмірден өткен Дүйсенғали Төленов, Анарбек Бисенғалиев, Мұрат Ибрашев, Альфарид Жұмалиевтерді еске алды. Өмірден өткен ардагер-спортшылардың отбасы мүшелері марқұмдарды ұмытпай, өткізіліп тұратын әр түрлі турнирлер үшін аудан әкімшілігіне, мектеп басшыларына алғыстарын білдірді. А.Есенғалиев айтулы мерейтойға өлең шумақтарын арнады:"Аялдамай сырғиды уақыт тегі, Бапкерден шәкірт озса - бақыт еді. Жарқ еткен Ақылбектер шаршы алаңда, Қайсар ұлдың мақсаты бокста еді. Валера, Ержан, Қазбек /Иманғали/ Қамбар, Ержан- Альфарид Жұмалиев шәкірттері"
Атаулы шараға "Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы" Қоғамдық Бірлестігі Атырау облыстық филиалдың төрайымы Г. Шайхашева қатысып, қызметкерлерді "Құрмет грамоталарымен" марапаттап, сый-сияпаттар тапсырды. Әріптестерін құттықтауға қалалық, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің басшылары қатысып, естелік сыйлықтарын табыстады. "Өнерпаз" мәдениет үйінің басшысы С.Қойшығұловтың басшылығымен аудан өнерпаздарының орындауындағы мерекелік концерт кештің мазмұның аша түсті.