Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудағы өзекті мәселелер» атты дөңгелек үстел өткізілді.

15 октября 2019

Елбасының Жарлығымен елімізде «Еңбек күні» белгіленіп, қыркүйек айының соңғы жексенбісіне қойылған болатын. 
Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру, өнімді еңбекті ынталандыру, жұмысшы кәсіптерін насихаттау мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін нығайту аясында 2019 жылдың 3 қазаны күні Атырау облыстық кәсіподақтар орталығының мәжіліс залында «Қазақстандық мұнай – газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Теңізшевройл», «Нефтестройсервис ЛТД», «Өмірзақ Сервис» бастауыш кәсіподақ ұйымдары мүшелерінің қатысуымен «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудағы өзекті мәселелер» атты дөңгелек үстел өткізілді.
«Атырау облыстық Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы І.Ұ.Баймұханов еңбек ұжымдарының өкілдерін құттықтап, проблемалық мәселелер туралы ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстелге қатысқан Атырау облыстық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы М.Байменов, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің төраға орынбасары Д.Ә.Мұрзағалиев қатысып, проблемалық мәселелерді қолдап, жұмысшылардың құқықтарын қорғау бағытындағы өз ойларымен бөлісті. Бастауыш кәсіподақ ұйымдары мүшелерінің қойған сұрақтарына жауаптар берілді. Салалық кәсіподақтың облыстық филиалының төрайымы С.Рахимова жалдамалы еңбекке заңды түрде тиым салу, Еңбек Кодексінің 183 – бабының 1 тармағына «өндірістік нысандарды еңбек жағдайына аттестациялаудан өткізу» меншік иелерінің міндетіне жатқызылатыны туралы қосымшалар енгізілуі, еңбекақыны индекстеуді заңдастыру, Еңбек Кодесінің 50 бабының 3 тармағын алып тастау, еңбекақы төлеудегі теңсіздіктер туралы өз ойларын талқыға салып, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелерін толғандырған өзекті мәселелерді қозғады. 
Кәсіподақ – әр мекемедегі қызметкерлердің құқығын қорғаушы құрылым болғандықтан жұмыс барысындағы еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету де кәсіподақтың басты міндетінің бірі болмақ. Кәсіподақ қай уақытта да еңбек адамымен бірге. Сондықтан, дөңгелек үстел қатысушылары кәсіподақ мүшелерінің құқығын қорғаудағы, еңбек заңдылықтарының орындалуын бақылаудағы кәсіподақ жұмысын бірлесіп жандандыра береміз деген ортақ шешімге келді.

 


16 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК