Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

ҚР КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ – АТЫРАУДА

4 октября 2019

Бүгін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының жаңа төрағасы Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов жұмыс сапарымен Атырауға келді.

Федерацияның жаңа басшысының мақсаты – ұйымның белсенді жетекшілерінің аймақтағы халықтың әл-ауқатын арттырудағы, жұмысшылардың еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жолындағы іс-қимылдарымен танысу еді. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауынан туындаған міндеттерді жүзеге асырудың жолдарын түсіндіру болатын.

Төраға Е.Л. Тоғжанов облыстағы ең ірі қуатты өндіріс орны «Жігермұнайсервис» ЖШС-де болып, жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін сақтаудағы мәселелерімен және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы туралы ашық әңгімелесті.

Облыс әкімі Н.А. Ноғаевпен бірге Атырау аграрлы-техникалық колледжісіне белгілі қоғам қайраткері О.Көшековтың есімінің берілуіне байланысты «Ел үшін туған ер еді» атты салтанатты шараға қатысып сөз сөйледі.

Түстен кейін облыс әкімдігінде кәсіподақ активінің жиыны өтті. Жиында Е.Тоғжанов кәсіподақтар алдындағы әлеуметтік-еңбек саласындағы өзекті мәселелер шешімінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссия жұмысын нығайту, тиімді құқықтық ортаны қалыптастыру және еңбек саласындағы жанжалдар деңгейін азайту міндеттерін айрықша атап өтті. Бұл бағытта Е.Тоғжанов «Әлеуметтік әріптестермен бірлесе отырып, ҚР 2019-2023 жылдарға арналған зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыс орындарын және өндірістік жарақатты азайту бойынша Жол картасы, әлеуметтік шиеленесушіліктің алдын-алу және әлеуметтік-еңбек жанжалдарын шешу бойынша кешенді жоспар, «Халықтық бақылау» әлеуметтік жобасы (мүмкіндігі шектеулі адамдарды кәсіпорындарда еңбек шарттарын бақылауды жүзеге асыруға қатыстыру), «Vision Zero» нөлдік жарақаттанушылықты насихаттау тұжырымдамасының жобаларын жүзеге асыру көзделуде» - деп көрсетті өз сөзінде.

Сонымен қатар, Федерация басшысы облыстық кәсіподақтарға осы ретте кәсіподақтар әлеуметтік әріптестермен бірге мынадай міндеттерді жүзеге асыру жұмыстарын өзектендіруді, бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру арқылы кәсіподақтар қозғалысын кеңейтуді, еңбеккерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау мақсатында ұжымдық шарттарды бекіту жұмыстарын өзектендіруді, қауіпсіз еңбек шарттарын қамтамасыз етуді, туындаған еңбек дауларына шұғыл әрекет ету, алдын-алу шараларын мен еңбекақы бойынша қарыздарды шешу шараларын қолдануды тапсырды.

Сөз кезегінде сөйлеген «Атырау облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ізтұрған Ұзақбайұлы Баймуханов өңірдегі әлеуметтік-еңбек қатынастары туралы баяндамасын жасады. Биылғы жылы Атырау облысында кәсіподақ мүшелік саны үш мыңға арттырылып, 83 мыңнан астам жұмыскер кәсіподақ мүшелігіне ие болып отыр. Мұнай-газ, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, пошта жүйесі, мемлекеттік мекемелердің қызмет салалық кәсіподақтары өз жұмыстарын еңбек заңнамасы, үшжақты келісімдер аясында жүр¬гізе отырып, мемлекеттік, үкі¬меттік бағдарламалардың талапқа сай жүзеге асырылуына, еңбек заңнамаларының сақталуына, толыққанды еңбек ортасының қалыптасуына, материалдық-әлеу¬меттік жағдайдың жақ¬саруы¬на ықпал етуде.

Облыс бойынша 2019 жылдың 9-айында 19 жазатайым оқиғалары тіркеліп, 20 жұмысшы жарақат алып, 3 адам қаза болды. Былтырғы жылмен салыстырғанда өндірістік жарақаттану,  жарақат алған жұмысшылар саны мен адам өлімі 30 пайызға төмендеп отыр.

Облыстық кәсіподақ бірлестігінің көмегіне жыл сайын 500-ден астам кәсіпорындар мен мекемелердің жұмысшылары жүгінеді. Кәсіподақ орталығы жанынан Татуласу Орталығының жұмыс нәтижелері маңызды – жыл басынан бері кәсіби медиаторларды, адвокаттарды, кәсіподақ мамандарын тарта отырып, 100-ге жуық еңбек дауын қаралып, тиісті медиативтік рәсімдер өткізілді, сондай-ақ былтырғы жылмен салыстырғанда жеке еңбек дауларының саны үш есе азайды.

Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Атырау облыстық ұйымының төрағасы Сүндетұлы Қылышбай және «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының Атырау облыстық филиалының төрайымы Қашкенова Майра білім және денсаулық қызметкерлерінің мәселелерін көтеріп өз ұсыныстарын жеткізді.

Кәсіподақ жиыны Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.А. Назарбаевтың Бес әлеуметтік бастамасын, Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыруда Атырау облысы әкімдігі мен «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі арасындағы ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМына қол қоюмен аяқталды.

 


57 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК