Бүгін 31 мамыр күні Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың сенімді өкілі салалық кәсіподақ филиалының төрағасы Абилов Шыңғыс Ғазизұлы үгіт насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында «Атырау облысы мүгедектерді оңалту орталығы» және «Сұңқар Секюрити»ЖШС ұжымдарының қызметкерлерімен кездесіп, үміткердің Сайлауалды Тұғырнамасының негізгі бағыттарымен, өмірбаянымен таныстырды. Кездесу барысында қойылған сауалдарға жауап беріліп, 2019 жылғы 9 маусым күні барлық азаматтар мен азаматшалар өз таңдауларын жасап Сайлауға қатысуға міндеттілігін сонымен қатар, кәсіподақ атынан үміткер кандидат Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховқа дауыс беруге шақырды.