Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні мәдениет және өнер қызметкерлерінің төл мерекесі аталып өтілді. Көңілді әуенге бөленген Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония залы сала ардагерлері мен қызметкерлеріне лық толды.
Облыс әкімінің орынбасары С.Шапкенов барша мәдениет және өнер иелерін мерекемен құттықтап, облыс әкімі Н.Ноғаевтың атынан «Құрмет грамоталары» мен гүлдестелерін тапсырды.
Облыстық мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасы сала мамандарын «Алғыс хаттармен» марапаттады.
«Қазақстандық мәдениет,спорт,туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» Атырау облыстық филиалы сала қызметкерлері А.Есболатқызы , Р.Кенжееваларды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және «Қазақстандық мәдениет,спорт,туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» Қоғамдық Бірлестігінің бірлескен «Құрмет грамоталарымен» марапаттады. Сонымен қатар А.Машаева, С.Хатапов, А.Әбуғалиева, Э.Адилова, Э.Даулетова «Қазақстандық мәдениет,спорт,туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» Атырау облыстық филиалының «Алғыс хаттарымен» марапатталып, гүл шоқтары мен ақшалай сыйлықтар тапсырылды.
Филармония өнерпаздары Мәдениет және өнер майталмандарының басын қосқан мерекелік кеште, әсем ән мен тәтті күй ойнап, жиналған қауымға тамаша көңіл-күй сыйлады.
«Қазақстандық мәдениет,спорт,туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» Атырау облыстық филиалының төрайымы Г.Шайхашева