11 марта 2019
2019 жылғы 11 наурызда Атырау облыстық соты мен Атырау облысы Кәсіподақтар орталығы арасында Сотқа дейінгі және соттағы еңбек дауларына қатысты татуластыру институтын дамыту туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандум аясында Тараптар ынтымақтастықты нығайтуға және оның тиімділігін арттыруға, еңбек заңнамасын қолдану мәселелерін талдауға және жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы дауларды (жанжалдарды) шешудің өзара қолайлы жолдарын іздестіруге жұмыстанатын болады.