Ағымдағы жылдың 12 наурызында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік қамқорлық» бағдарламасы аясында Атырауға үкіметтік делегация: ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Білім министрі Күләш Шәмшиденова, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов келді. Құрманғазы атындағы мәдениет сарайының лық толы залында олар шағын баяндамалар жасап, жиналғандардың сұрақтарына жауап берді.
Үкімет мүшелерінің түстен кейін «Ембімұнайгаз» АҚ-да аймақтың мұнай-газ кешендерінің және бизнес өкілдерімен болған кездесуінде жарыссөзге қатысқан Атырау аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы І.Ұ. Баймұханов Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыруда кәсіподақ ұйымдарының алдындағы міндеттерге тоқтала келіп, аталған шараларды бірлесе атқаруға шақырды.
Үкімет мүшелерімен кездесу
12 марта 2019
17 просмотров