Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

Атырау кәсіподақтары Тәуелсіздік күнін атап өтті

12 декабря 2018

Бабаларымыздың аманаты мен ел еркіндігі үшін күрескен боздақтардың рухы алдында тағзым ете отырып өркениеттері ұштасқан бірнеше ұлт пен ұлыстар мекендейтін Қазақстан Республикасында азат елдің азаматы атанғанымызға 27 жыл толды. Осы 27 жыл ішінде еліміздің экономикалық және әлеуметтік қуатты реформалар арқасында кәзіргі танда Қазақстанның экономикасы Орта Азиядағы ең ірі экономикасы бар мемлекеттерінің бірі болып табылады. Бұндай жетістіктерге жету - ұлт пен ұлыстың татулығы, демократияның берік негіздері мен жұмыскерлердің жанқиярлық еңбегі арқасы.

Осы ұлттық мерекеге орай ағымдағы жылдың желтоқсан айының 12 күні Кәсіподақтар Үйінде мерейлі мерекелік шара ұйымдастырылып, салтанатты жиынға салалық кәсіподақ белсеңділері қатысты.

Атырау облысы Кәсіподақтар Орталығының төрағасы Ізтұрған Баймұханов жиналғандар мен барша облыстық кәсіподақ қызметкерлерін Тәуелсіздің күнімен құттықтап, Елбасының арқасында 27 жыл ішінде еліміз жаңару үдерісін өткеріп үлкен мақсаттарға қол жеткізгенін, соның ішінде жастардың жолы жаңа деңгейге қойылғанын, осының бәрі бірлікпен және келісіммен астасып жатқанын атап өтті.

Құттықтау сөздерден  кейін облыстық кәсіподақ белсеңділері мемлекеттік, кәсіподақтық наградаларымен марапатталды. Сонымен қатар, Елбасымыздың Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру туралы идеяларының шеңберінде өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттау мен жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту мақсатында облыстың бір топ қызметкерлерін облыс әкімі және облыстық мәслихаттың, «Нұр Отан» партиясы және облыстық Кәсіподақтар орталығының алғыс хаттарымен марапатталды.

Марапаттау рәсімі концертпен жалғасты.

 


34 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК