Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

Еңбек қатынастары мен еңбек дауларының алдын алу бойынша дөңгелек үстел өтті

18 мая 2018

2018 жылғы 18 мамыр күні Атырау облыстық Кәсіподақтар Үйінде еңбек қатынастары мен еңбек дауларының алдын алу бойынша дөңгелек үстел өтті. Аталған шарада облыстық Ішкі саясат, Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармаларының өкілдері С.Әжіғалиев пен С.Джанесенов, Атырау қаласы прокурорының орынбасары Е.Құтқожа, Адамның құқықтары және заңды сақтау бойынша халықаралық бюросының директоры Ә.Нұрғазиева, профпатолог Ш.Валиахметова, облыстық кәсіподақтар басшылары мен кәсіпорындардың бастауыш кәсіподақ белсеңділері  қатысып, еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға байланысты мәселелер талқылап, кәсіпорындардағы санитарлық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмау салдарынан пайда болатын өндірістік кәсіби ауруларға шалдығу оқилары мен олардың себептері жөнінде сөз қозғады.

Мысалы, Сайпем компаниясында қызмет етіп кәсіби ауруына шалдыққан Турсингалиев Бекарыс жұмыс беруші өткізген тергеу комиссиясының 20 пайыз кінә жұмыс берушіден, 80 пайыз жұмысшының кінәсі деп шығарған қорытындысына келіспей, төрт жыл бойы мемлекеттік сотқа, еңбек инспекциясына жүгініп, нәтижесінде сот Сайпем компаниясына еңбек инспекциясының жазатайым оқиға туралы актіні қайта қарау туралы ұйғаруын орындамағаны үшін әкімшілік айыппұл салған. Бүгінгі танда компания сот шешімі күшіне енгеніне қарамастан еңбек инспекциясының қорытындысын орындамай отыр. Б.Турсингалиев 2005 жылдан бастап бұрғышының бірінші көмекшісі лауазымында жұмыс жасап келген. 2013 жылы кезекті медициналық тексеруден өту кезінде ауыратыны  анықталып, дәрігер-профпатологтың нұсқауымен жергілікті емханаға жіберілген, одан кейін Ақтөбе қаласындағы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығында емделген, нәтижесінде кәсіби ауруға шалдыққан болып табылған.

Профпатолог Шолпан Валиахметованың айтуы бойынша, облыс бойынша 8 адам кәсіби ауруға шалдыққан. Ал тіркелмеген адамдардың саны белгісіз.

Дөңгелек үстелдің нәтижесі ретінде тараптар жазатайым оқиғаларды тексеру, рәсімдеу, тараптардың кінәсі мөлшерлерін анықтау, с.т.б. тәртібін әрі қарай жетілдіру мақсатында заңнамаға толықтырулар еңгізу үшін ұсыныстар дайындау жұмыстарын жүргізуді ұйғарды.

 


28 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК