Cұрақ-жауап
Сіз өзіңіздің сұрағыңызды қоя аласыз немесе басқа адамдардың жауаптарын көре аласыз.
-
AizadaСіздің мекемеде бастауыш кәсіподақ ұйымы болған жағдайда салалық кәсіподақпен бірлесе отырып ұжымдық шартты рәсімдеуге болатындығын қатеріңізге береміз. Кәсіподақ құрылмаған жағдайда Атырау қаласы, Гурьев көшесі, 5 мекен-жайы бойынша орналасқан Атырау облысы кәсіподақтар Орталығынан үлгілік шартты алуға мүмкіндік бар.
-
РайнаҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысына сәйкес мұғалімдерге - жоғары білімі бар мұғалімдерге «В2» буыны, арнаулы орта білімі бар мұғалімдерге "В4" буыны бойынша мамандардың біліктілігіне, еңбек өтіліне қарай еңбек ақы төленеді.
Сіз "Бастауыш сынып мұғалімі" мамандығы бойынша кәсіби қызметін атқарасыз, демек жалақы мамандығыныз бойынша (алған білімініз арнаулы орта) орта деңгейдегі маман ретінде төленеді. Егерде Сіз тарих пәні бойынша қызметке ауыссаныз, немесе біліктілігінізді жоғары деңгейге көтерсеніз, ондай жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі маманы деп "В2" буыны бойынша жалақы есептеледі. -
Куракбаева АйзадаҚұрметті Айзада ханым! Сіздің сұрағыңызға сәйкес еңбек ақыңыз орташа деңгейдегі, В4 (бұрынғы G-11) буынымен, яғни арнаулы орта білімі бойынша, төленуі тиіс екендігін хабарлаймыз.
-
Куракбаева АйзадаҚұрметті Айзада ханым!
Кәзіргі танда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының күші жойылуына байланысты G-9, G-11 ұғымдары пайдаланудан қалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысына сәйкес барлық мұғалімдерге «В2» буынынын 1-4 сатылар (біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші, санаты жоқ негізгі персонал) аралығында мамандардың біліктілігіне, еңбек өтіліне қарай еңбек ақы төленеді.
Сіздің жұмыс өтілініз 5 жылдан астам, санатыңызға байланысты 3,32-4,3 коэффициенті (лауазымдық айлық ақы 58754 – 76097 теңге) аралығында төленуге тиіс. Сонымен қатар, білім беру саласындағы азаматтық қызметшілерге келесі қосымша ақылар төленуге жатады:
1/ Лауазымдарды қоса атқарғаны (қызмет көрсету аймағының кеңейгені) үшін қосымша ақы;
2/Ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы;
3/Бейіндік бағыттағы жекелеген пәндерді тереңдете оқытқаны үшін қосымша ақы;
4/Ауыр (ерекше ауыр) қол еңбегі жұмыстарымен және еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті (ерекше қауіпті)
жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге төленетін қосымша ақы;
5/Біліктілік деңгейі үшін қосымша ақы;
6//Өндірістік оқытуды ұйымдастырғаны үшін қосымша ақы. -
АйнаҚұрметті Айна!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысына сәйкес білім беру саласындағы азаматтық қызметшілерге келесі қосымша ақылар төленуге жатады:
1. Лауазымдарды қоса атқарғаны (қызмет көрсету аймағының кеңейгені) үшін қосымша ақы;
2. Ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы;
3. Бейіндік бағыттағы жекелеген пәндерді тереңдете оқытқаны үшін қосымша ақы;
4. Ауыр (ерекше ауыр) қол еңбегі жұмыстарымен және еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті (ерекше қауіпті)
жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге төленетін қосымша ақы;
5. Біліктілік деңгейі үшін қосымша ақы;
6. Өндірістік оқытуды ұйымдастырғаны үшін қосымша ақы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 қаңтардағы №74 «Базалық лауазымдық жалақы мен түзету коэффициентінің мөлшерін бекіту туралы» Қаулысымен белгіленген базалық лауазымдық жалақы 17697 теңге мөлшерінде өзгеріссіз қалды.