Егер Сіздің жұмыс орыныңызда бастауыш кәсіподақ ұйымы болса, кәсіподақ комитетіне кәсіподаққа мүшелікке қабылдау және мүшелік кәсіподақ жарнасын ұстау туралы өтініш жазу қажет. Мүшелікті дәлелдеу құжаты болып, кәсіподақ комитетімен берілетін кәсіподақ билеті табылады.
Кәсіподаққа кірмес бұрын, Жарғымен және бастауыш кәсіподақ ұйымы туралы ережемен танысуға құқығыңыз бар.
Егер Сіздің жұмыс орыныңызда кәсіподақ ұйымы болмаса, Сіз оны өз бетіңізбен құра аласыз.
ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» Заңына сәйкес, бастауыш кәсіподақ ұйымын құру үшін үш адам жеткілікті. Бірақ ол міндетті түрде жергілікті немесе салалық кәсіподақтың құрылымында болуы керек. Бастауыш ұйым заңды тұлға болып құрылмаса да, ол ұйым деңгейіндегі әлеуметтік әріптестікте жұмыскерлердің толыққанды өкілі болып табылады.